2023 жылдың 16 ақпан күні колледж кітапханасында « Ұлы даланың Ұлы есімдері» жобасы аясында гуманитарлық пәндер оқытушылары «Орман шаруашылығы» мамандығының 19 тобы және «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығының 16 топ студенттерімен бірлесіп “Қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің 80 жылдығы” тақырыбында іс шара өткізді. Іс шараның мақсаты: студенттердің қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы білімдерін жинақтау, олардың ақыл-ой және шығармашылық қызметін жандандыру, Мұраттың шығармашылық мұрасын құрметтеуге, кітап оқуға, көп білуге деген ұмтылысқа тәрбиелеу. Қазақтың ұлы қоғам қайраткері, мәдениеттанушы Мұрат Әуезовтің өмірі мен шығармашылығы туралы мәлімет берілді. Іс шара барысында бейнебаян көрсетіліп, әрі қарай осы тақырып бойынша ақыл-ой картасын жасады, викторинаға, сұрақтарға жауап берді. Студенттер іс-шарада жақсы білімдерін көрсете білді және іс шараға үлкен ықыласпен қатысты.


